Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшісі француз Сенатында сөз сөйледі

СТАНА. Наурыздың 26-сы. ҚазАқпарат. Наурыздың 25-де Париждің Люксембург сарайында Франция Парламенті Сенаты мен Францияның халықаралық ынтымақтастықты дамыту жөніндегі агенттігінің (ЮБИФРАНС) басқаруымен Орталық Азия мен Кавказ елдеріне арналған коллоквиум өтті. Іс-шараға 100 астам өлкемен ынтымақтастықты дамытуға ынталы француздың жетекші компанияларының, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың өкілдері қатысты,

деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.

Коллоквиумға қатысушылардың алдында Қазақстан Республикасының Франциядағы елшісі Нұрлан Дәненов сөз сөйледі. Ол француздың іскер, саяси және қоғамдық топтарының өкілдерін Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауымен, еліміздегі қазіргі экономикалық жағдаймен және табысты іске асырылып жатқан дағдарысқа қарсы қадамдармен, қазақстан-француз стратегиялық әріптестігінің дамуымен таныстырды. Елші Республиканың үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасының, жаңа Салық кодексін енгізудегі және Кедендік Одақ жағдайындағы біздің инвестициялық басымдықтарымыздың басты элементтері туралы сөз қозғады. Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы мен «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасының іске асыру тақырыптары аталып өтілді.

Іс-шараға қатысушылар Президент Н.Ә. Назарбаевтың экономикалық бастамаларын, жаңа өндірістік, инфрақұрылымдық және энергетикалық жобалар, осымен қатар дағдарысқа қарсы шаралар мен банк саласындағы жағдайдың тұрақтануы туралы мәліметтерге үлкен қызығушылық танытты.

Сенатор Андрэ Дюлэ Орталық Азия мен Кавказ өңірі Франция үшін үлкен маңызы бар өлке деді. Ол Қазақстанмен бірлескен экономикалық жобалардың ілгерілеуіне ырзашылығын білдірді.

Биылғы мамыр айына дейін Франция Президентінің Орталық Азиядағы арнайы өкілі болып табылатын Сенатор Эмери Де Монтескью өз сөзін тек Қазақстанға арнап, оның халықаралық және ел ішіндегі жетістіктеріне, оның ішінде дінаралық, этносаралық, және мәдениетаралық диалогқа тоқталды. Жалпы іс-шараға қатысушылар Қазақстанмен бірлескен жобаларды дамытуға, инвестицияны кеңейтуге, өлкеге үлкен мекемелер ғана емес шағын және орта кәсіпкерлердің келуіне қолайлы мезгілдің маңыздылығын құптады.

Коллоквиумде Мемлекет басшысының жыл сайынғы Жолдауы, Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығы мен «Еуропаға жол» мемлекеттік бағдарламасы және еліміздің экономикалық дамуы туралы француз тіліндегі арнай шығарылған журналдар мен брошюралар таратылды.