Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидалары бекітілді

АСТАНА. 26 тамыз. ҚазАқпарат -  Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидалары бекітілді.

ҚазАқпарат құжаттың мәтінін таратады.

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің бұйрығы

2012 жылғы 11 мамыр,    Астана қаласы  № 153-ө

Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 17 бабының 29) тармақшасын іске асыру мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары негізінде квоталар бірліктерін және өзге де көміртегі бірліктерін өзара тануды жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
2. Төмен көміртекті даму департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолдасын және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді.

Министр                           Н.Қаппаров

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2012 жылғы 11 мамырдағы № 153-ө бұйрығымен бекітілген.

Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2012 жылғы 6 маусымдағы Нормативтік-құқықтық келісімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 7703 болып енгізілді.

Қағидалар мәтіні республикалық БАҚ-та жарияланды.