Қазақстан Республикасының Иммундау бойынша ұлттық консультативтік комитеті ашылды

АСТАНА. 23 сәуір. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы базасында

Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшиннің және Халықаралық вакцина институтының бас директоры Кристиан Лоуктің қатысуымен Қазақстан Республикасының иммундау бойынша ұлттық консультативтік комитеті ашылып, бірінші отырысы өткізілді.

Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Иммундау бойынша Ұлттық консультативтік комитеттің құрамына иммунология, эпидемиология, педиатрия саласындағы жетекші ғалымдар, денсаулық сақтау жүйесінің сарапшылары, вакциналарды сараптау жөніндегі мамандар кіреді.

Иммундау бойынша Ұлттық консультативтік комитетті құрудың мақсаты - вакцинациялау және Қазақстанда жаңа вакциналарды енгізу, қолдану мәселелерін шешу бойынша консультативтік органды ұйымдастыру болып табылады.

            Иммундау бойынша Ұлттық консультативтік комитет ҚР иммундау бағдарламаларының тиімділігіне талдау жүргізу, иммундауды жетілдіру және вакцинациялауға мониторинг жүргізу, вакциналардың жаңа түрлері бойынша әлемдік ғылыми деректерді талдау бойынша ұсынымдарды дайындаумен айналысатын болады.