ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында айтты.
М.Алдабергеновтың айтуынша, алдымен өнеркәсіп саласын кеңінен өркендетуіміз керек. «2008 жылы желтоқсан айында Тараз қаласында өткен жиналыста химия өнеркәсібін, оның ішінде минералды тыңайтқыштар саласын күрт дамыту туралы мәселелер талқыланып, жоспарлар жасалынған болатын. Еліміз фосфориттер қорынан әлемде төртінші орында, ал осы өнеркәсіп өнімдері бойынша әлі де болса артқы жақта. Қазіргі заман талаптарына сай полимерлі фосфор тыңайтқыштарын өндіруді қолға алсақ, әлемде алдыңғы қатарға шыға алатын мүмкіншіліктер бар. Полимерлі тыңайтқыштар экология проблемаларын да, тыңайтқыштардың құндылығы мен пайдасын арттыруға да үлкен себепкер бола алады. Арзан тыңайтқыштар ауыл шаруашылығында да кеңінен пайдаланып, дәнді-дақылдардың сапасын, шығымын арттырып, Қазақстанда өндірілген тағамдардың бәсекелестігін арттырады, президентіміз айтқандай, пайдаланатын тағамдарымыздың 50 пайызы елімізде шығарылған заттар болады», дейді профессор.