Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттар үшін хабарлама

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2015 жылғы 26 сәуірде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына түсетін кандидаттардың сайлауалды үгіт материалдарын «ҚазАқпарат ХАА» ЖШС-нің www.inform.kz сайтында орналастырудың жалпы талаптары мен тәртібін хабарлаймыз.

«ҚазАқпарат ХАА» ЖШС (бұдан әрі - Серіктестік) www.inform.kz сайтында Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына түсетін кандидаттар (бұдан әрі - Кандидат) сайлауалды үгіт материалдарын орналастыра алады. Материалдың 1 (бір) жолының бағасы 1 500 (бір мың бес жүз) теңгені құрайды. Баннерді орналастырудың 1 (бір) тәулігі 18 000 (он сегіз мың) теңгені құрайды.

Үгіт материалдары «Сайлау - 2015» айдарымен орналастырылатын болады.

Үгіт материалдарын орналастыру бірінші тарап - Кандидат немесе оның өкілетті өкілі және екінші тарап - Серіктестік арасындағы жазбаша шарт негізінде жүзеге асырылады.

Кандидат немесе оның өкілетті өкілінің Серіктестік басшысының атына жазған жазбаша өтініші негізінде үгіт материалдарын орналастыру туралы шарт жасалады.

Үгіт материалдарының көлемі Кандидат немесе оның өкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде және кейін жасалатын шартта көрсетіледі. Серіктестік сайт бетінде үгіт материалдарын орналастырудың орнын дербес айқындайды.

Жазбаша өтінішке келесі құжаттар қосылып берілуі тиіс:

1) Кандидаттың тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Кандидаттың өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) Үгіт материалы мәтінінің мәнін қағаз және электрондық нұсқада ұсыну;

4) Өтініш берушінің жеке басын куәландыратын көшірме;

5) Шарт жасау үшін өтініш білдірушінің өкілеттігін растайтын құжаттар.

Үгіт-насихат материалы жариялануға берілерден 1 (бір) тәулік бұрын, қағаз және электронды нұсқада тапсырылуы қажет.

Мәтіндер Кандидат немесе оның өкілетті өкілінің қол қоюымен баспа нұсқасында тапсырылуы қажет. Сондай-ақ, бейнелері үгіт материалында пайдаланылатын тұлғалардың жазбаша рұқсаты (қайтыс болған жағдайда - олардың мұрагерлерінің) керек.

Үгіт материалдары төлем және қаржыландыру көзі туралы ақпаратты қамтуы керек. Ақпаратты ұсынушы тұлғаның аты-жөні көрсетілуі қажет.

Серіктестік Кандидат алдындағы міндетін алдын ала төлем 100 пайыз орындалған жағдайда ғана жүзеге асырады.

Үгіт материалдарын ұсынған Кандидат оның мазмұнының ҚР заң талаптары, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтың сақталуына өзі жауапты.

Аталған хабарламадағы талаптар мен тәртіп, сондай-ақ шарттың орындалуы бұзылған жағдайда үгіт материалдары сайтқа орналастырылмайды немесе көрсетілген кемшілік түзетілгенге дейін тоқтатыла тұрады.

Егер үгіт баспа материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту идеялары жария етілсе, республиканың тұтастығын бұзуды, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатігездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұруды, сондай-ақ, заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құрылымдарды құру негіздеріндегі үгіт материалдарын қабылдаудан Серіктестік бас тартады.

Басқа Кандидаттардың ар-намысына, абыройына немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіретін ақпараттар болған жағдайда Серіктестік Кандидаттың үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы.

Аталған хабарламада көрсетілген үгіт материалдарын орналастырудың талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының өкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Үгіт материалдарын жариялаудың соңғы күні - 2015 жылғы 24 сәуір. Жазбаша өтініштер 2015 жылғы 26 наурыздан бастап, сенбі мен жексенбіден басқа күндері күн сайын сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады, үзіліс уақыты: 13:00-ден 14:30 аралығында. Серіктестік мекен жайы: Астана қаласы, Орынбор көшесі, 4, «Алтын Орда» БО, 2 қабат, № 203 кабинет. Байланыс телефоны: 8/7172/48-90-72, электрондық адрес: product@inform.kz .