Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күнін ауыстыру туралы қаулы қабылдады

None
АСТАНА. Маусымның 23-і. ҚазАқпарат - 2010 жылғы шілдеде жұмыс уақытын тиімді пайдалану және еңбекшілердің демалысы үшін қолайлы жағдайлар туғызу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі демалыс күнін 2010 жылғы шілденің 3-індегі сенбіден шілденің 5-іне, дүйсенбіге ауыстыру жөнінде қаулы қабылдады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Қаулыға сәйкес 2010 жылғы шілденің 5-і күні еңбек, материалдық және қаржылық реурстармен қамтамасыз етілген ұйымдарға қажетті өнім шығару, қаржыны қоса алғанда, қызмет көрсету, сондай-ақ құрылыс нысандарын іске қосу үшін кәсіподақ ұйымдарымен келісе отырып, жұмыс жасауға құқық беріледі.

Көрсетілген күнгі жұмыс Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өтеледі.