Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілді

АСТАНА. 20 тамыз. ҚазАқпарат - ҚР Байланыс және ақпарат министрі Асқар Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы» 2011 жылдың 11 шілдесіндегі №198 бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ресми БАҚ.

Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің бұйрығы №198

Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлерін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 3-тармағына және «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 1-тармағының 20) тармақшасына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағат қоры құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау критерийлері бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитеті (Б.Т.Берсебаев):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі Н.Н.Оразовқа жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Министр А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.

Бұйрық ҚР Әділет министрлігінде 2011 жылғғы 8 тамызда №7112 санымен тіркелген.

ҚР Ұлттық мұрағат қорының тәуекелдерді бағалау критерийлері саласындағы құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану республикалық БАҚ-та жарияланды.