Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін оқу орындарында 2009-2010 оқу жылының басталуы туралы
2010 жылғы шілденің 27-сіндегі «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-ші бабы 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. 2010 жылғы 1 қыркүйек - барлық жалпы орта білім беретін ұйымдарда, меншік түрлері мен ведомстволық қарауына қарамастан, 2010-2011 оқу жылының басы ретінде анықталсын.
Оқу жылының ұзақтығы мектепалды дайындық сыныптарында - 32 оқу аптаны, бірінші сыныптарда - 33 оқу аптасын, 2-11-сыныптарда - 34 оқу аптасын құрайды. Оқу жылы барысында каникулдар 1-11-сыныптарда:
- күздік каникул - 8 күн (5-нен 12 қарашаны қоса алғанда), қысқы - 10 күн (30 желтоқсаннан 8 қаңтарды қоса алған аралықта), көктемгі - 12 күн (21 наурыздан 1 сәуірді қоса алған аралықта);
мектепалды даярлық сыныптарында:
- күзгі каникул - 8 күн (5-12 қараша аралығында), қысқы - 14 күн (28 желтоқсаннан 10 қаңтар аралығында), көктемгі - 15 күн (21 наурыздан 4 сәуірді қоса алған аралықта);
- мектепке дайындық және бірінші сыныптың оқушылары үшін ақпан айының бірінші онкүндігінде қосымша апталық каникул белгіленеді.
2. 2010 жылы 1 қыркүйекте барлық жалпы орта білім беретін ұйымдарда Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылдануының 15 жылдығына арналған «Елбасының талпынысы - халық бақыты, Қазақстанның гүлденуі» («Стремление Президента - счастье народа, процветающий Казахстан») тақырыбында сабақ өткізілсін;
3. Мектепалды және орта білім департаменті (Н.Р.Аршабеков):
1) белгіленген рет бойынша осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінен мемлекеттік тіркелуін;
2) мемлекеттік тіркеуден кейін осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан он күнтізбелік күннен кейін күшіне енеді.
5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау мектепалды және орта білім департаментінің директоры Н.Р.Аршабековке жүктелсін.
Министрдің міндетін атқарушы М.Сарыбеков.
Бұйрық Әділет министрлігінде 2010 жылы тамыздың 2-сінде 6362 нөмірмен тіркелді.