Қазақстан рейтингі «BBB+» деңгейінде, болжам - «Тұрақты»

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Fitch Ratings" рейтинг агенттігі ҚР-ның егемен кредиттік рейтингін растады, осыған сәйкес эмитенттің шетел валютасындағы ұзақ мерзімді рейтингі «BBB+» деңгейінде, ұлттық валютадағы рейтингі «A-» деңгейінде екені расталды, болжам - «Тұрақты», деп хабарлады ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметі.

"Агенттікпен елдің егемен теңгерімі, банктік теңгерімнің тиімді қайта құрылуы, икемді айырбас бағамы режиміндегі төмен және тұрақты инфляциясы, мемлекеттік басқару жүйесіндегі жақсарулар агенттікпен жағымды бағаланды.

Сонымен қатар, әлсіз жақтарының арасында саяси тәуекелдер, банк секторындағы толықтай адекваттық емес тәуекел менеджменті, төлем теңгеріміне жағымсыз әсер ететін өнімдердің бағасының жиі кенеттен өзгерулері аталып өтті", - делінген хабарламада.