«Қазақстан резервтегі алтын қоры бойынша әлемде 23-ші орында келеді. Қазіргі таңда резервтегі алтын қорының көлемі - 218 тонна. Оның 117 тоннасы Қазақстанда сақталады. Бағасының құбылмалылығына қарамастан, алтын - қаржы нарықтарында және көптеген дамыған елдердің резервтерінде маңызды рөл атқарады»,- деді Д. Ақышев.
05:24, 13 Ақпан 2016
Қазақстан резервтегі алтын қоры бойынша әлемде 23-ші орында келеді - Д. Ақышев
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан резервтегі алтын қоры бойынша әлемде 23-ші орында келеді. Бұл туралы 12 ақпан күні Алматыда өткен интернет- конференция барысында ҚР Ұлттық Банкінің төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.