Қазақстан Риода паралимпиадаға кезекті лицензияны жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Куала-Лумпурда (Малайзия) осы күндері өтіп жатқан паралимпиадашылар арасында пауэрлифтинг бойынша Әлем Кубогының ІІ кезеңінде қазақстандық спортшы Раушан Қойшыбаева (Алматы облысы) 67 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде қола медаль ұтты, деп хабарлады Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві баспасөз қызметінен.

sports.kz сайтының хабарлауынша, 109 келі зілтемірді көтерген Раушан тек әлемдік көшбасшылар - қытайлық және нигериялық спортшыларға жол берді.

Осы нәтижесі арқылы спортшымыз 2016 жылы Риода өтетін XV ойынға лицензия ұтып алды.