"Қазақстан" РТРК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары тағайындалды

АСТАНА. Сәуірдің 14-і. ҚазАқпарат. «Қазақстан» РТРК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып Бауыржан Айтқазин тағайындалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бүгін «Қазақстан» РТРК» АҚ ұжымына төрағаның жаңа орынбасарын Мәдениет және ақпарат вице-министрі Бағлан Майлыбаев таныстырды. Бүгінгі күнге дейін Бауыржан Айтқазин Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы қызметін атқарған.