Корпорация 100 мыңнан аз тұрғындар саны бар елді мекендерде де ұқсас позицияға ие. Мұның барлығы өз өндірісіміздің контентінің сапасын өзгертумен және ұлғайтумен байланысты болып отыр. Бүгінгі күні барлық телекесте қайта қаралып, оқушыдан бастап зейнеткерге дейінгі жас аралығындағы телекөрермендер жанына жақынын таңдап ала алады деген үміттеміз. Отандық телеарналардың арасынан «Қазақстан» телеарнасы қоғамдық маңызды бағдарламаларды, телехикая өнімдерін және деректі фильмдерді алғаш рет орыс тіліндегі субтитрлармен бере бастады.
Бұдан басқа, «Қазақстан» ҰТА өз контентіне өту және сапасын арттыру мақсатында 2014 жылы табысты болған сериалдық желілердің шығарылымын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, сериал неғұрлым табысты болған сайын, телекөрермендер оның жалғасын асыға күтеді. «Қазақстан» телеарнасының аудиториясы үшін мұндай сериалдардың қатарына «Сырғалым», 2-маусым (32 серия), «Көк тарландары», 2-маусым (18 серия), «Жедел жәрдем» (24 серия), «Достар», 2-маусым (32 серия) сериалдарын жатқызуға болады. Сондай-ақ жүз сериялы «Қарашаңырақ» жаңа телевизиялық фильмі эфирге жол тартқан болатын. Ұлы Жеңістің 70 жылдығына «Ешкім ұмытылмады» атты жеті тараудан тұратын көркемдік-деректі цикл дайындалуда.
Телеарна өз тарихымызға, мәдениетімізге, дәстүрлерімізге үңілуге бет бұрдық. Бұл «Қазақстан» телеарнасының сапалы жаңа бағдарламаларын жасауға итермелейді. Телеарна көрермендердің барлық қалауларына жауап беруге тырысады. «Қазақстан» - түрлі жанрдағы өнімді біріктіретін арна. Танымдық, ойын-сауық, талдау, тарихи, жаңалықтар, бизнес жобалар - мұның барлығы бағдарламалық кестенің негізіне алынып, телекөрермендердің көңілінен шығуда. Айта кетейік, «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан»және «КAZsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді.