Мәскеу және күллі Ресей Патриархы Кирилл өз хатында Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен құттықтап, еліміз қол жеткізген зор табыстарды атап өткен. «Бүгінде Қазақстан рухани-адамгершілік құндылықтары елдің толыққанды ілгерілеушілігіне сай келетін мемлекет үлгісі бола алатынына мен куәлік етемін» делінген патриархтың құттықтауында.
Ресей мүфтийлері кеңесінің төрағасы Р.Гайнутдиннің хатында: «Сіздің Қазақстан Республикасы басшылығындағы жиырма жылдан астам қызметіңіз, Сіздің бастамаларыңыз, Сіздің жаныңыздың елгезектігі, сөздеріңіз бен мемлекет істеріндегі өмірлік тәжірибеге құрылған пайымды парасатыңыз Сізге деген шынайы сыйластық пен бүкілхалықтық құрметті оятты», - делінген.