Қазақстан садақ атудан Азия кубогының кезеңінде қола жүлде еншіледі
12:11, 18 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Сингапурде садақ атудан Азия кубогының кезеңі жалғасып жатыр.
Алдымен әйелдер арасында блоктық садақ атудан қола медаль үшін жарыс өтті. Онда Қазақстан құрамасы Бангладешпен кездесіп, 230:224 есебімен жеңіске жетті.
Команда сапында Адель Жексенбинова, Роксана Юнусова және Виктория Лян сынға түсті.
Азия кубогының алтын жүлдесіне Үндістан мен Малайзия командалары таласады.
Айта кетейік, жартылай финалда Қазақстан құрамасы Үндістаннан 229:230 есебімен жеңіліп қалған болатын.
Бұған дейін семсерлесуден Азия чемпионатында Қазақстан екі мәрте үздік ондыққа енгенін хабарлаған едік.