«Бүгінгі үшжылдық бюджет жобасында санитарлық ұшақтардың шығыны жылына 2413 сапармен шектелген. Оның өзінде ұшақтарға бағытталатын шығын пайыз ғана», - деген депутат салада әлі күнге дейін ескі ұшақтар қызмет көрсететінін сынға алды. Айтуынша, соның кесірінен медицина мамандары қаза тапқан.
Тимур Сұлтанғазиев санитарлық авиацияға қызмет көрсететін ұшақтар сатып алынғанын мәлім етті. Оларды қолданысқа алу үшін құжаттарын реттеу керек көрінеді.
«Биылғы қарашада тиісті тіркеуден өтеді. Келесі жылы сол ұшақтар ұша бастайды. Жеткізуші тараптың міндеттемесі бар. Олар алдағы 14 жылдың ішінде әуе паркін жаңартып отыруы керек», - деді вице-министр.