- «Лукойл» компаниясы Қазақстандағы қай компанияларда үлесін ұстап отыр? Жалпы ол үлестерді өзімізге сатып алу жоспарда бар ма, - деп сұрады журналист.
Санжар Жәркешов әзірге ондай мәселе талқыланып жатпағанын айтты.
- Мұндай сұрақ қоюға әлі ерте деп есептеймін. Шын мәнінде «Лукойл» - «ҚазМұнайГаздың» серіктесі. Олардың «Қалам-Хазар» жобасы сияқты өз міндеттері бар. Бірақ үлесті сатып алу немесе акционерлер құрамын қайта реттеу мәселесімен Энергетика министрлігі айналыспайды. Өйткені «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының шаруашылық мәселесі болып есептеледі. Сұрағыңызды соларға бағыттай аласыз, - деді вице-министр.
Айта кету керек, 22 қазанда АҚШ санкциясына түскен «Лукойл» компаниясы өзге елдердегі үлесін жаппай сататыны хабарланды.
Осыған дейін «Лукойл» Румыния мен Молдовадағы жанармай құю бекеттерін «ҚазМұнайГаз»-ға сатуы мүмкін екені туралы жаздық.