Қазақстан сарбаздары ат үстіндегі дайындықтарын бастады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отан қорғау үшін Қарулы Күштерде әскери қызметшілермен қатар, кинологиялық бөлімшелер құрамында қарауыл, нарко-іздестіру және іздестіру қызметіне тартылған қызметтік иттерден басқа ҚР Құрлық әскерлерінің қызметінде жылқылар бар. 91678 әскери бөлімінде Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге бүкіл ТМД-дағы бірден-бір таулы-қорықтық ротада жыл сайынғы атпен дайындау басталды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Бөлім әскери қызметшілері санынан құралған жаттықтырушы нұсқаушылар тұлпарлармен жауынгерлік даярлық бойынша жоспарлы сабақтар өткізеді. Армияда жылқыларды пайдалану таулы жерлерде бөлімшелердің орналасуымен байланысты. Олар техника үшін қолжетімсіз жүріп өтілген жерде, тайыз соқпақ жолдарда, жаралыларды шығару, жеке құрамның жедел қозғалуын және өзге де тапсырмаларды орындау үшін бөлімшелердің іс-қимылдарын ұстап тұру кезінде жүктер мен оқ-дәрілерді тасымалдау үшін белсенді түрде қолданылады.
Әскери қызметшілер жаңадан келгендерді атқа мінуге, жауынгерлік тапсырмаларды орындауға, атқа мінудің негіздерін үйретеді. Үйрету барысында жылқылар кедергілер жолағын еңсереді, күрделі таулы жерде жеке құрамды тасымалдайды. Сондай-ақ оларға автоматтан шығатын қатты дыбыстарға үйренісу қажет. Жауынгерлік даярлық әртүрлі полигондарда өткізіледі. Алыс қашықтықтарға жылқыларды пойызбен тасымалдайды. Жердің географиялық ерекшеліктері мен жылдың мезгіліне қарамастан, аттар берілген тапсырманы орындайды.
Атқа міну дайындығы - міндетті пән. Ал полигондарда жылқылармен жұмыс жасау жоспарға байланысты айына бірнеше рет өтеді.
Рота жанында жылқылардың денсаулығын қадағалап отыратын ветеринарлық пункт қызмет атқарады. Рота құрамында барлығы 52 жүйрік бар. Әрқайсысы бір-бір әскери қызметшіге бекітілген және өзінің мүкәммалдық нөмірі бар. Таулы-қорықтық ротадағы негізгі қызметтен басқа сәйгүліктердің өзге де «мәдени» өмірі бар. Сонымен, 2015 жылы Таразда өткен Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеуге қатысты. Түсірілімі Жаркент пен Қапшағайда өткен «Қазақ елі» фильмінің кейіпкерлері болды.