Қазақстан сарбаздары халықаралық ойындардың жаңа байқауына бірінші болып шығады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық әскери қызметшілер Армиялық халықаралық ойындар-2019 сайысының «Ат марафоны» жаңа байқауына қатысуға дайын, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Моңғолия Қарулы Күштері Біріккен оқу-жаттығу орталығының базасына келгенсәттен бастап біздің команда толық таныстырылым маршрутынан өтті. Командаларбайқау маршруттары бойынша жол жүрген кезде ат марафонының кезеңдері өтетінжердің ландшафтымен танысып, жеребе тастау арқылы жылқыларды іріктеді, атпенжүру үшін оларды жүгендеп, ерттеді.


Қатысушылар мен бапкерлер штабы жүру жылдамдығын емес, байқау кезеңдеріндұрыс әрі сапалы орындауда шеберліктерін ұштады.

Қазақстан құрамасы уақыт пен ауа райындағы айырмашылыққа қарамастан бірденбейімделіп, жаттығулар барысында қиындықтарға тап болмады. Кезек бойынша Қазақстан командасы қашықтыққа атпен шабу байқауында бірінші болыпшықпақ. Одан кейін Қырғызстан құрамасы мен Моңғолия шықса, Ресей командасы бұл сайыстытүйіндейді.


Айта кетейік, ат марафоны 3-8 тамыз аралығында өтеді. Байқау төрт кезеңнен,яғни, дайындық, ат марафоны, қысқа қашықтыққа аралас эстафета және шешушікезеңнен тұрады.



Соңғы жаңалықтар