Қазақстан Сауд Арабиясының экстремизммен күрес тәжірибесімен танысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының делегациясы Бас прокурордың орынбасары М. М. Ахметжановтың басшылығымен жұмыс сапармен Сауд Арабиясы Корольдігіне барды.

Қабылдаушы тараппен Корольдіктің экстремизммен және терроризммен күрес, сотталғандарды оңалту және электронды қылмыстық істер бойынша оң тәжірибесін ұсыну ұйымдастырылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Делегация аймақтық прокуратуралардың, ханзада Мохаммад Бин Наифтың атындағы өсиет жасау және қамқорлық орталығының, экстремизм мен терроризм үшін қамалған және сотталған тұлғалар үшін түзету колонияларының жұмысымен танысты. 

Сапардың нәтижелері бойынша Қазақстанның құқық қорғау және арнаулы органдарының жұмысына оң бастамаларды енгізу бойынша жоспар әзірленді.