«Бұл мемлекеттің мұнай-газ саласында мол тәжірибеге ие екендігі даусыз. Сондықтан бізге мұнай мен газды терең өңдеу, полиэтилен мен этилен өндіру жайын ойлауымыз қажет», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Сонымен қатар, келіссөздер барысында мұнай бағасының мәселесі де көтерілді. «Әрине, біз бұл мемлекеттің қазір барлық серіктестерімен бірге жүргізетін саясатына қатысты мұнай мен газ бағасын талқыладық. Мен осы мәселедегі ресейліктердің ұстанымын білемін. Олардың бұл жайында Иранмен қарым-қатынастары күрделі екені белгілі. Осы тұрғыда біздің мәмілегерлік етуіміз өзіндік оң роль атқаруы да мүмкін», - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев.
ФОТО: english.alarabiya.net