Қазақстан сайлау жүйесін жетілдіру жолында келеді - Л.Слуцкий

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан сайлау жүйесін жетілдіру жолында келеді. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловпен кездескеннен кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген РФ Мемлекеттік думасы байқаушылары делегациясының жетекшісі Леонид Слуцкий айтты.

«Біз өзіміздің түрлі халықаралық парламенттік алаңдардағы, түрлі елдердегі сайлауларды байқаудағы бай тәжірибемізге арқа сүйейтін боламыз», - деді ол.
Сонымен қатар, ол Қазақстанның сайлау жүйесі, барлық деңгейдегі комиссияларының сайлау тәжірибесі айтарлықтай оң өзгерістерге ұшырағандығын атап өтті. Сайлау өткеннен кейін өздерінің нақты қорытындыларын жария ететіндігін де айтты.
«Дегенмен, қазірдің өзінде Қазақстан өзінің сайлау жүйесін конструктивті түрде жетілдіре алғандығын айтуға болады. Бүгінгі күні Қазақстанның сайлау тәжірибесіне енгізілген жаңашылдық Тәуелсіз мемлекеттер достастығы аясынан да тысқары елдердің сайлау жүйесін жетілдіру үшін пайдаланылатындығына сенімдімін», - деді Л.Слуцкий.