Әйгілі промоутердің сөзін MTK Global компаниясының баспасөз қызметі таратты.
«Қазақстан секілді жас дарындарға қанат бітірген елдер аз. 6 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін бокс кешін ESPN тікелей эфирден көрсетеді. Бұл кеш қазақстандық бокс үшін ерекше болмақ. Top Rank өз кезегінде MTK Global компаниясымен жұмыс жүргізгенімен мақтанады», - дейді Боб Арум.
Еске сала кетсек, Қазақстанның бас қаласы Нұр-Сұлтандағы 12 мың көрерменді сыйғыза алатын «Барыс Аренада» 6 шілде күні кәсіпқой бокс кеші өтеді. Ол күні MTK Global компаниясымен жұмыс істейтін Жаңқош Тұраров, Сұлтан Зауырбек, Виктор Коточигов, Әли Балоев, Әбілқайыр Шегалиев, Нұртас Әжбенов және Абай Төлеш секілді боксшылар өнер көрсетпек.