Қазақстан семсерлесуден әлем чемпионатының ширек финалына шығу үшін бақ сынайды
17:53, 29 Шілде 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Тбилиси (Грузия) қаласында семсерлесуден әлем чемпионатының кезекті жарыс күні басталды.
29 шілдеде семсер қаруымен айқасудан командалық жарыстар өтіп жатыр.
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатын 1/16 финал кезеңінен бастады. Бұл кезеңде біздің спортшылар Ресей командасымен кездесіп, жеңіске жетті.
Кирилл Проходов, Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Эльмир Әлімжанов қарсыластарын 45:35 есебімен жеңді.
Келесі айналымда қазақстандық семсерлесушілер Қытай құрамасымен кездеседі.
Еске сала кетейік, бұған дейін жағажай футболынан Қазақстан құрамасы Еуролига ойындарына қатысатынын жазған едік.