Қазақстан семсерлесуден Азия чемпионатында бесінші орын алды

Фото: ҰОК

ТҮРКІСТАН. KAZINFORM – Индонезияның Бали аралында семсерлесуден Азия чемпионатының бірінші жарыс күні өтті. 

Алдымен ерлер арасында қылышпен семсерлесу сайысының жеңімпаздары белгілі болды. Бұл сында Артём Саркисян, Саттархан Назарбай, Бақдәулет Құралбекұлы және Жанат Нәбиев бесінші орынды иеленді. Жарыс кезінде қарсыластарынан бір бас жоғары өнер көрсеткен Жапония құрамасы жеңіс тұғырынан көрінді. Ал күміс жүлдені Оңтүстік Корея құрамасы еншіледі. Өзбекстан қола жүлдені қанағат тұтты. 

Рапирамен семсерлесуден әйелдер арасындағы командалық жарыста Алёна Гноева, София Актаева және Күлжан Түсіпбекова жетінші орынға табан тіреді. 

Бұл санатта да Жапония құрамасы қарсылас шақ келтірген жоқ. Олар финалда Қытайды қапы қалдырды. Үшінші орынды Гонконг құрамасының еншісінде кетті. 

Еске салсақ, бұған дейін Вадим Шарлаимов семсерлесуден Азия чемпионатында қола жүлдеге қол жеткізгенін жазған едік.