Қазақстан семсерлесуден Колумбиядағы Гран-при турнирінде бақ сынайды

АСТАНА.KAZINFORM - Қазақстан ерлер құрамасы семсерлесуден Колумбияның Медельин қаласында өтетін Гран-при турниріне қатысады.

Фото: ҚР ҰОК

Халықаралық жарыста ұлттық құраманың тоғыз спортшысы бақ сынайды.

Ел намысын Руслан Курбанов, Эльмир Әлімжанов, Нұржан Әбжанов, Никита Жулинский, Александр Федотов, Кирилл Павлов, Кирилл Проходов, Ерлік Сертай және Вадим Шарлаимов қорғайды.

Турнир 8-10 мамыр аралығында өтеді.

Айта кетейік, бұған дейін Венгрияның Будапешт қаласында өткен Гран-при кезеңінде Ерлік Сертай күміс жүлдеге ие болған еді.

Әсем Орынбай әлем кубогында алтын медаль жеңіп алып, рекорд орнатты.