Шешуші жарыс күні командалық жарыста Қазақстан құрамасы қарсылас шақ келтірмей, сенсация жасады.
Алтын медаль үшін тартыста Нидерланд құрамасынан басым түсті. Есеп: 34-20.
Руслан Курбанов, Эльмир Əлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертайдан жасақталған ұлттық құрама 1/32 кезеңде Колумбияны 45-41 есебімен ұтқан.
Ширек финалдағы тартысты айқаста отандастарымыз Аргентинадан жеңісті жұлып əкетті. Есеп: 45-44.
Ал жартылай финалда ұлттық құрама испаниялық семсерлесушілерді сенімді жеңді (45-32).
Жалпы бұл кезеңде 45 елден 350-ге тарта семсерлесуші бақ сынады.