Қазақстан шағын футболдан Еуропа чемпионатының ширек финалына шықты

Фото: Фото: sports.kz

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан құрамасы осы күндері Босния мен Герцеговинада өтіп жатқан Еуропа чемпионатының 1/8 финалында ойнады, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық спортшылар ширек финалға шығу үшін Словения құрамасына қарсы ойнады. Ойын барысында Диас Егінжановтың орындауында небәрі 1 ғана гол салынып, команданы жеңіске жеткізді.

Осыған дейін қазақстандықтар B тобында Украина, Греция мен Англияны жеңіп, көш бастаған еді.

Айта кетейік, ширек финалда Қазақстан құрамасы Әзербайжан, Босния мен Герцеговина жұбының жеңімпазымен ойнайды.