Қазақстан шахматшылары әлем чемпионатының жартылай финалына шықты
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шахматтан Қазақстан әйелдер құрамасы командалық әлем чемпионатының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: instagram.com/kzchessfederation
Дүбірлі дода Польшаның Быдгощ қаласында биыл тоғызыншы мәрте жалауын көтерді.
Павел Коцур баптайтын ел құрамасы бұл жолы Германияны 3:1 есебімен жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
Сайыс барысында алдымен ел құрамасынан Алуа Нұрманова сәтті ойын көрсетті. Ол қарсыласы Джозефина Хайнеманнды қапы қалдырды. Одан кейін Бибісара Асаубаева Элизабет Патцтің осал тұсын тапты. Ал жас шахматшы Әмина Қайырбекованың жеңісі Қазақстанды жартылай финалға шығарып, қорытынды есепті бекітті.
Енді ел құрамасы жартылай финалда Франциямен кездеседі.
Қазақстан құрамасы топтық кезеңде 4 жеңіске қол жеткізіп, соңғы турда Грузиямен тең түскен еді.
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.