«Шахтада өрт басталған кезде 227 адам болған. Бірден апатты жою жоспары енгізіліп, менің басшылығыммен жедел штаб құрылды. 18 тамыздағы жағдайға сәйкес, емдеу мекемелерінде 11 жұмысшы бар. Олардың 9-ы Қарағанды қаласында, екеуі Шахтинск қаласында ем алуда. Құтқару операциясын жүргізу нәтижесінде қаза тапқан 2 шахтердің мүрдесі табылды. Үш шахтерді іздеу жалғасып жатыр», - деді ол Қарағанды өңірлік коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте.
Сонымен қатар ол қаза тапқан және зардап шеккен шахтерлердің отбасына және туған-туыстарына көңіл айтты.
«Қажетті барлық көмек компания тарабынан да, мемлекет тарапынан да толық көлемде көрсетіледі. Ешкі қолдаусыз және назардан тыс қалмайды», - деді Вадим Басин.
Еске салайық, «Қазақстан» шахтасында өрт кеше, 17 тамыз күні сағат 10:05-те тұтанды.
Апат кезінде жер астында 227 кенші болды. 222 адамды жер бетіне жедел көтеру мүмкін болды, сегізізардап шекті.
5 жұмысшының тағдыры белгісіз болды. Кейін олардың бірінің денесі табылды. Қалған 3 адамды іздестіру жұмысы жалғасып жатыр.
Қарағандыдағы көмір шахтасында зардап шеккендердің арасында екі адам жансақтау бөлімінде жеткізілгені туралы хабарлаған едік.
Айта кетейік, Президент «Қазақстан» шахтасында болған өрт себебін анықтау үшін жан-жақты тергеу жүргізуді тапсырды.