АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Олимпиадаға шаңғы спорт түрлерінен 17 жолдамаға иелік етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті Халықаралық шаңғы спорты түрлері федерациясы FIS қазақстандық спортшыларға Олимпиада ойындарына 17 лизенция берілгенін ресми хабарлады.
Осылайша, шаңғы жарысынан бізде алты лицензия (ерлер 2, әйелдер 2 және командаға 2).
Тау шаңғы спортынан екі жолдама бар: ерлер - 1 және әйелдер - 1. Трамплиннен секіруден бір лизенция ер адамға бұйырды. Фристайл-могулдан үш жолдамаға ие болдық: екеуі ерлерге, біреуі әйелге. Фристайл-акробатикадан бес лицензия берілді (ерлер 1, әйелдер 4).
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.