Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамыту шараларына белсенді түрде қатысады - Елбасы

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылы Қазақстан көпвекторлы теңгерімді сыртқы саясатты жүзеге асыруды жалғастырады. Бұл туралы бүгін Ақордада Қазақстанда тіркелген шетелдік дипломатиялық миссиялар басшыларымен кездесу барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«2016 жылы Қазақстан көпвекторлы теңгерімді сыртқы саясатты, әлемдік экономикалық кеңістікке ықпалдастыққа магистральды бағытты жүзеге асыруды жалғастырады. Еуразиялық экономикалық одақтың интеграциялық әлеуеті, Қытаймен бірлесе «Ұлы Жібек жолының экономикалық белдеуі» жобасын жүзеге асыруда маңызды іскер серіктес ретінде, Еуразиядағы хаб тұрғысында Қазақстанның позицияларын нығайтады»,-деп тоқталды Президент.

Мұнымен қоса, Елбасы Қазақстан Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытуға белсенді қатысатындығын, сондай-ақ еліміз Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңесінің Еуразиядағы қауіпсіздік ұйымына айналуы үшін бар күш-жігерін жұсмайтындығын қадап айтты.

«Осы тұрғыдағы бастамалар Сіздердің елдеріңіз тарапынан қолдау табатынына үміттенемін»,-деді Н. Назарбаев.