Қазақстан шаш күтіміне қажет сусабынның 97 пайызын шетелден алдырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда сусабын бір жылда 41,7% қымбаттады, сонымен бірге өндірістің азайғаны да байқалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұлттық статбюроға сілтеме жасап.

Фото: www.topthingy.com

Шаш күтімі өнімдерін, атап айтқанда, сусабындар, шашқа арналған лак және шашты бұйралауға немесе сәндеуге арналған өнімдер өндірісі 10,3% төмендеді.

Осылайша 2022 жылдың 12 айында 606 тоннадан астам өнім өндірілген.

Өз кезегінде импорт 18,1%-ға өсті. Сырттан 24,3 мың тонна шампунь мен шашқа арналған лак әкелінді.

Импорт өнімдерінің үлесі - 97,6 пайыз.

12 айдың қорытындысы бойынша ішкі нарықта жоғарыда аталған өнімдердің 24,1 мың тоннасы сатылған.