деп хабарлады бейсенбі, қаңтардың 21-і күні Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрқан Сәдуақасовтың «Санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралар жүргізу туралы» 2010 жылғы қаңтардың 20-сындағы қаулысымен, «Genie», «Smoke relax your mind», «Rush», «Damiana chocolate», «Effya» және «Spice» сияқты (құрамында психотропты әсер ететін тетрагидроканнабинолға ұқсас заттар бар) шегілетін шөп қоспаларының (микс) халық денсаулығына қауіптілігі анықталды», деп атап көрсетілетін ведомство хабарламасында.
Оған қоса, шегілетін шөп қоспаларын (микс) әкелу, өндіру, қолдану және өткізу кезінде жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың туындау және таралу қаупі де анықталды.
«Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы негізіндеҚазақстан Республикасы облыстарының, Астана мен Алматы қалаларының, көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлеріне: жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың туындау және таралу қаупін тудыратын шегілетін шөп қоспаларын (микс) Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге тыйым салу; ішкі істер органдарымен бірлесіп (келісім бойынша) шегілетін шөп қоспаларын (микс) анықтау және айналымнан алып тастау бойынша бақылау-қадағалау іс-шараларын жүргізу; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шегілетін шөп қоспалары (микс) анықталған кезде тыйым салу-шектеу сипатындағы шараларды қабылдау туралы тапсырма берілді», деп хабарланады ведомствоның баспасөз баянында.