Құжатқа сай, еліміздің шекарасы арқылы өтетін жүк көліктерінен енді төлем алынады.
«ҚР Мемлекеттік шекарасы арқылы жүк автомобильдерін, оның ішінде тіркемелері бар жүк көліктерін және ершікті тартқыштарды өткізу үшін 3 АЕК (10 350 теңге) мөлшерінде ақы белгілеу ұсынылады», - деп жазылған көпшілік талқылауға шығарылған құжатта.
Белгілі болғандай, аталған бұйрық 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Құжат 25 сәуірге дейін ашық талқыда болады.
Айта кетсек, бұған дейін Премьер-Министр Әлихан Смайылов Сенат депутатының сауалына жолдаған жауабында Қазақстан-Ресей шекарасындағы 27 өткізу пунктінің аумағы кеңейетінін мәлімдеп еді.