Комитет дерегінше, ұсталғандардың ең үлкені 46 жаста, ал ең кішісі 28-де. Олардың барлығын үсік шалған. Өзбекстан азаматтары бірден Дарьинск ауылындағы аудандық емханаға жеткізілді. Дәрігерлердің қойған диагнозына сәйкес, олардың біреуінің аяқ-қолдарын 3-4-інші дәрежелі, екеуін 2-3-інші дәрежелі, тағы екеуін 1-дәрежелі үсік шалған.
«Біреуінің жағдайы ауыр, қарқынды терапия палатасында жатыр. Екеуінің жағдайы орташа, қалған екеуі емге мұқтаж емес. Қазіргі уақытта бесеуі де шекарашылардың күзетімен Батыс Қазақстан облысының Зеленов ауданының Дарьинск ауылындағы емханада ем алуда», - делінген таратылған ақпаратта.