«Кедендік әкімшілеуге қатысты айтар болсам, сыртқы шекарадағы өткізу бекеттерін жаңғырту және жарақтандыру жөніндегі кеңес барысында бұл мәселе қарастырылды», деді ол.
Вице-министрдің атап өтуінше, өткен жылы кеден қызметінде заманауи инфрақұрылым құру аясында «Майқапшағай» кеден бекетінің құрылысы аяқталып, «Бақты» бекеті жаңғыртудан өтті.
«2014-2015 жылдары «Қордай», «Қонысбай», «Қалжат» өткізу бекеттерін жаңарту және жаңғырту жоспарланып отыр. Отырыс барысында экспорт пен импорт тауарларын электронды декларациялау процесіне, нақтылайтын құжаттарды ұсынбастан ақпарат алмасудың қағаз түрінен электронды түріне көшуге қатысты мәселелерге назар аударылды. Бұл кедендік рәсімдеу мен кедендік бақылау процесін барынша жеңілдетіп, шекарадағы өткізу қабілетін арттыра түседі», - деді Б.Шолпанқұлов.