«Қазақстан шетелдік БАҚ көзімен» атты ІІІ Халықаралық байқауға өтінімдерді қабылдау басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігі «Қазақстан шетелдік БАҚ өкілдері көзімен» атты ІІІ Халықаралық байқауға қатысатындардан өтініштерді қабылдауды бастады. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумы барысында мәлім болды.

Атап айтқанда, байқауға тек шетелдік авторлар қатыса алады. Осы ретте биылдың басынан 25 маусым аралығында шетелдік БАҚ-та жарияланған Қазақстан туралы ақпараттық материалдар қабылданады. Шара қорытындысы ағымдағы жылғы 5 шілдеде Астана күні аясында жарияланады.

«Байқау жеңімпаздарына 2016 жылғы қыркүйекте Қазақстанға сапары, яғни Астана мен Алматыға және «Бурабай шипажайына ауқымды мәдени бағдарлама ұйымдастырылады»,-делінген ведомство мәліметінде.

Барлық еңбектерді contest@mfa.kz электронды поштасына жолдау қажет. Байқау туралы ережемен ҚР СІМ сайтында танысуға болады.