«Қазақстан «Шолпан Ата - Алматы» трассасы құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеуге кірісті және аталған күре жолды салу үшін инвесторлар іздеп жатыр», - деп хабарлады министр.
Мекеме басшысының айтуынша, Шолпан-Атадан Алматыға дейінгі ең қысқа жол 3200 метр биіктіктегі Қастек асуы арқылы өтеді.
«Келіссөздер барысында қазақстандық және қырғызстандық тараптар Ақ-Бейіт жеріндегі Кемин алқабы арқылы жол салуды ұйғарды. Екіжақты хаттамаға былтыр Санкт-Петербург қаласында қол қойылған. Жолдың жалпы ұзындығы 120-130 шақырымды құрайды», - деп толықтырды министр.