Қазақстан шосседегі велоспорттан Азия чемпионатында «алтын» алды
13:31, 13 Маусым 2023
АСТАНА.ҚазАқпарат - Шосседегі велоспорттан Азия чемпионаты бағдарламасының финалдық кезеңінде Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат велоспорт федерациясына сілтеме жасап.
Ерлер арасындағы топтық жарыста қазақстандық Глеб Брусенский жеңіске жетіп, алтын медаль алды.
Одан кейін мәре сызығынан қазақстандық Евгений Гидич өтті. Үздік үштікті Юкия Араширо (Жапония) түйіндеді.