«Сіздің жобаңыз жайлы Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа айттым. Кеше өткен Мемлекет басшысы мен ҚХР төрағасы Си Цзиньпиннің келіссөзі барысында иновациялық кәсіпорындарға баса назар аудару қажеттігі атап өтілді, бұл сіздің компанияңызға қатысты болды», - деді «Cathay Industrial Biotech» басшылығымен жүздесуі кезінде Б. Сағынтаев.
Ол ынтымақтастыққа мүдделілік танытып, Қазақстан аумағында бидай мен жүгеріден тоқыма өндіру зауытын салу мүмкіндіктерін қарауды ұсынды.
Бұл жайлы егжей-тегжейлі ҚазАқпарат тілшісіне ҚР АШМ вице-министрі Гүлмира Исаева айтып береді.
«Бұл компания азық-түліктік емес бидай мен жүгеріден жасыл нейлон өндірудің бірегей технологиясын әзірледі. Бұл Қазақстанда ұзақ сақтау мерзімдерімен, балауыз көрсеткішінің төмендігімен азық-түлік емес бидайдың жеткізушісі болуға мүмкіндіктің бар екендігін білдіреді. Құрылысы жуырда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында аяқталатын болады, олар біздің бидай мен жүгеріні тоқыма маталарын өндіру үшін шикізат ретінде пайдаланады».
«Біз осы зауытта төмен сапалы азық-түліктік емес бидайдың негізгі жеткізушісі бола аламыз, - деді ол. - Оның сұранысы жылына 1,2 млн тоннаны құрайды. Биыл Қазақстан ШҰАА-ға 300 тонна шикізат жеткізеді. Келесі жылы зауыт толық қуатқа көшеді», - деп атап өтті Исаева.
ҚХР Мемлекеттік даму және реформалар комитеті квоттау мәселесін шешкен жағдайда компания екінші кезектегі зауытты салуды бастайды, оның жыл сайынғы сұранысы 2,5 тонна бидайды құрайды.