Қазақстан шығанақ елдерінің энергетикалық компанияларымен ынтымақтастыққа дайын - Тоқаев

АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстан шығанақ елдерінің энергетикалық компанияларымен ынтымақтастыққа дайын. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия + Шығанақтағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастық кеңесі» бірінші саммитінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан сіздердің елдеріңіздің ірі энергетикалық компанияларымен, атап айтқанда, «Жасыл» энергетика саласында тығыз ынтымақтастыққа дайын. Сауд Арабиясының ACWA power, әмірліктің Masdar, Қатар компанияларымен жобалар перспективалы болып көрінеді. Жақында ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында мен Қазақстанда халықаралық энергетикалық форум өткізуді ұсындым. Ынтымақтастық кеңесіне мүше елдердің мұнай және газ экспорттаушыларын осы іс-шараға қатысуға шақырамыз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев саммит барысында.