Қазақстан шын мәнінде бейбіт ел - шетелдік байқаушы
«Бұл сайлауға шақырту алуым - мен үшін зор мәртебе. Алдағы демалыс күндері қазақстандық демократияны көргіміз келеді. Біз сайлауға қатысатын және өз кандидаттарын ұсынған Қазақстандағы барлық саяси партияларды зерделеп шықтық. Меніңше, ол үшін маңызды сәт дауыс беру уақытында туындайтын болады. Біздің негізгі мақсатымыз - Қазақстандағы демократияның қаншалықты шынайы екендігін тексеру», - деді кездесуден кейін БАҚ өкілдеріне сұхбат берген «Integrative Media LLP» компаниясының бас атқарушы директоры Алан Джон Спенс.
Оның пайымынша, бұл сайлау Қазақстандағы демократияны одан ары нығайтудағы маңызды мәселенің біріне айналады.
«Біз Қазақстанда орын алып жатқан өзгерістерге қолдау білдіреміз. Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас жылдан жылға нығайып келеді. Осы ретте Қазақстан үшін маңызды жетістіктердің бірі - оның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуға ұмытылысы. Қазақстан шын мәнінде бейбіт ел», - деді Алан Джон Спенс.