Қазақстан Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің ең ірі сауда серігі атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдың Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің сыртқы сауда импорты мен экспортының жалпы көрсеткіші соңғы 4 айда 31 млрд 92 миллион юаньға жетті. Былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 17,1%-ға артқан.

Сонымен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық өлкесінің сыртқы саудасы үш ай бойы ұлғайып отырған.

Соңғы 4 айда Қазақстан аталмыш автономиялық өлкенің ең ірі сауда серігі атанып, импорт пен экспорттың табысы 9, 65 млрд юань болып, өлкенің сыртқы сауда кірісінің 30,2 %-ына жеткен.

Мұнан басқа, өлкенің негізгі сауда елдерінің алдыңғы қатардағы 15 мемлекеттің ішінде Шыжаңның АҚШ, Ресей, Канада, Англия қатарлы елдермен сауда-саттығы былтырғы 4 айдағы көрсеткішпен салыстырғанда екі есеге артқан.

Мемлекет пен автономиялық өлкенің бірлесіп қолға алған тиімді экономикалық саясатының арқасында өнімі шығару артып сыртқы саудасының белсенділіг артуына негіз болған.