Бұл туралы бүгін Қырғызстан астанасында өтіп жатқан ШЫҰ-ға мүше-елдер Үкімет басшылары кеңесінің отырысында ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов мәлім етті.
С. Ахметовтың сөзіне қарағанда, бұл бағдарламаның негізгі мақсаты ұлттық экономикалардың тауарлар мен қызметтердің өндірісінде жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда, олардың инновациялылығын, технологиялылығын, ғылымилығы мен экологиялылығын арттыру және олардың энергия сыйымдылығын төмендету арқылы инновациялар мен инвестицияларды тиімді қолдану болып табылады.
«Бұл мәселеде қолдау табуға үміттіміз», - деді С. Ахметов.