«Қазақстан 2022 жылғы 16 қыркүйекте Самарқандта жасалған Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына мүше мемлекеттердің үкіметтері арасындағы туризм саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қосылсын. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі», - делінген құжатта.
Келісім жобасы 13 сәуірге дейін ашық талқылауда болады. Кейін құжат қол қою үшін Премьер-Министрге жолданады.
Еске салайық, бұл уақытқа дейін Алматы қаласын 2023-2024 жылдары ШЫҰ-ның мәдени және туризм астанасы ретінде бекіту ұсынылғанын жазып едік.
Сонымен қоса, биыл шілдеден 2024 жылдың шілдесіне дейін Қазақстан Шанхай Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық етеді.