Қытайлық компаниялар ауылшаруашылық өнімдерінің импортына, қазақстандық май мен балыққа қызығушылық танытуда. Себебі, Аспан асты еліне ұн өндірушілерді қоса алғанда, дәл осы тамақ өнімдерімен айналысатын компаниялар барған болатын. Қытайлық тараптан 30-дан астам компаниялар қатысты.
Сауда-экономикалық миссиясын ҚР Инвестициялар және даму министрлігі, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы және Қытайдың Халықаралық сауданы дамытуға жәрдемдесу комитеті ұйымдастырды.
Іс-шара барысында екі елдің бизнес-қауымдастықтары инвестиция, логистика және сауда салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі зор мәселелерін талқылады.
Осыған дейін Сиань мен қазақстандық қалалардың бірінің арасында достық қарым-қатынас орнату туралы келісімге қол жеткізілгендігін жазғанбыз.