«Президент Назарбаевтың бітімгершілік бастамалары, сонымен қатар бүкіл әлемдегі елдер арасындағы жанжалдарды шешу мен шиеленістерді қысқартудағы үлесі халықаралық деңгейде мойындалған. Қазақстан бүгінгі шараның барынша жемісті боларына шынайы үміт артады. Біз прогресс болатындығына және соғысты тоқтату режімінің жүзеге асырылатындығына үміттенеміз. Бұл өңірдегі ахуалды тұрақтандыруға өз үлесін қосар еді», - деді Камалдинов.
Сонымен қатар ол Қазақстан 2017-2018 жылдары БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке қатысты мәселелерді шешуге бар күшін жұмсайтындығын баса айтты.
«Бұл тұрғыда біз Сирия бойынша мәселелерді реттеуге де өз үлесімізді қосуға дайынбыз», - деді министрдің орынбасары.