Бұл туралы бүгін Сыртқы істер министрлігінде өткен брифинг барысында мәлім болды.
«Біз Түркия Үкіметі мен халқына, қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына шынайы көңілімізді білдіреміз. Орын алған оқиға аймақтағы қауіпсіздік пен тұрақтылыққа, гуманитарлық жағдайға және Сириядағы дағдарысты реттеу бойынша халықаралық қауымдастықтың күш-жігеріне қауіп төндіруде. Ислам Ынтымақтастық Ұйымы Сыртқы істер министрлер кеңесінің төрағасы ретінде Қазақстан екі тарапты да сабырлылыққа және шиеленістің ушығуының алдын-алу үшін баррынша қажетті күш салуға шақырады», - делінген министрліктің таратқан мәлімдемесінде.