Қазақстан-Словакия бизнес-форумының қорытындысы бойынша келісімдерге қол қойылды

None
СТАНА. Наурыздың 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Астанада Қазақстан-Словакия бизнес-форумының қорытындысы бойынша келісімдерге қол қойылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, екі елдің сауда-өнеркәсіптік палаталары бірлескен экономикалық жобаларды алға жылжыту, сондай-ақ қазақстандық және словакиялық іскерлік топтарының арасындағы ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдесу мақсатында Іскерлік кеңес құру туралы келісіміге қол қойды.

Сонымен бірге ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Болат Сембинов және Словакия Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Ольга Алгаерова әскери зираттар туралы үкіметаралық келімге қол қойды. Онда екі елдің аумағында әскери зираттарды анықтау, тіркеу тәртібі, сондай-ақ соғыс құрбандарын жерлеуге байланысты мәселелерді шешу шаралары қамтылған.